Астанадағы су мәселесі жақын күндері шешіледі
Астанадағы су мәселесі жақын күндері шешіледі
Астана қазір аптап ыстық. Күнмен бірге су мәселесі де күйіп тұр. Кейбір мөлтек аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлерде су жиі өшірілуде. Күні кеше ғана Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бас қаладағы су оң шешімін табатынына сендірген еді. Бүгінде Астана қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Бабамұратов та судың мәселесі жақын күндері шешілетінін айтып, үндеу жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Құрметті достар! Қала тұрғындары!
Осы айдың соңына дейін ауыз су тапшыоығы қалада шешіледі. Дегенмен дәл қазіргі уақытта кейбір тұрғын үйлерде судың аздығы шамадан тыс қатты байқалуда екенін түсініп, отырмыз. Бұндай үйлердің мәселесін “Астана Су арнасы” және аудандық әкімдіктер бірлесіп шешуде. Кейбір жерлерде насостары қайта бекітіліп, соның арқасында судың ағысы күшейтіліп жатыр. Бірақ барлық жағдайда бірдей көмектесе бермейді”,-деп жазды ол желідегі парақшасына.
Сондай-ақ ол тұрғындарды сабырға шақырып, заңға қайшы іс-әрекеттерге бармауға кеңес берді.
“Астана су арнасы” барлық тұрғын үйлерге теңдей қарап, су тапшылығын шешуге тырысуда. Алайда су қоймаларында су деңгейі төмендеп кеткен кезде, олар сол су қоймаларын толтырып алғанша қаладағы суды азайтуға мәжбүр. Әдетте бұл түннен таңға дейін жалғасады. Бұндай кезде сабырдан басқа ештеңе көмектесе алмайтыныны тағы анық”,-деп жазды ол. Сонымен қатар толыққанды су тапшылығы 2021 жылы құрылысы басталған су тазалау станциясы іске қосылған кезде жойылатынын айтты. Ол жоспар бойынша 30 маусымнан кейін.
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше бас қаланың бұрынғы басшысы Алтай Көлгінов әкім болып қызмет атқарған кездегі су тазалау станциясының құрылысы 2021 жылы басталғанын, қазіргі кезде станцияны тек іске қосу ғана қалғанын айтқан болатын.