Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Түркістан»: партия төрағасы 16 БПҰ жұмысын сынға алды

«Түркістан»: партия төрағасы 16 БПҰ жұмысын сынға алды

«Түркістан»: партия төрағасы 16 БПҰ жұмысын сынға алды
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында,  Түркістан қалалық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен мәжіліс отырысы өтті. Отырысты облыстық партия төрағасы Алтынсары Үмбеталиев жүргізді. Жиында облыстық партия филиалының төрағасы 7548 партия мүшелері бар Түркістан қалалық БПҰ төрағаларының есебін тыңдады, деп хабарлайды newsroom.kz.
 width=
Жалпы «AMANAT» партиясында 20 қала-облыстық филиалы бойынша республика көлемінде 800 мыңға жуық партия мүшесі болса, Түркістан қалалық филиалында 16 бастауыш партия ұйымымен біріктірілген 7548 партия мүшелері тіркелген.
Мәжіліс отырысында БПҰ төрағалары Облыстық Партия төрағасына атқарған жұмыстарын баяндады. Баяндамаларды тыңдаған Алтынсары Дүйсенбекұлы, партияға мүшелікке қабылдау жұмыстарын талқылады. Сонымен қатар, партиялық «Ардагерді ардақтайық», «Құқықтық көмек», «Кедергісіз келешек» сынды жобалардың халыққа түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілмей отырғандығын сынға алды.
 width=
Жиында атқарылған жұмыстардың нәтижесі көңіл көншітпей тұрғанын айтқан партия төрағасы,
- Бастауыш партия ұйымдары - жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір аманаттықпен етене жұмыс істейтін құрылым екенін атап өтті. Сондықтан, халықпен етене жақын болып нәтижелі жұмыс атқару керек, - деді.
Айта кетейік алдағы уақытта БПҰ төрағаларымен кездесу жалғасатын болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі