Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
ашық дереккөзі
Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Созақ ауданының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан Әбілқайыр Оспановты еске алуға арналған «Өмірім – өнеге болсын ұрпағыма» атты кеш өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
 width=
Рухани мазмұны мол жиынды айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы басқосуға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, белгілі меценат Бекет Тұрғараев, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және руханият жанашырлары қатысты.
Шара аясында Әбілқайыр Садырұлының ғұмырнамасынан сыр шертер көрме ұйымдастырылды. Онда кеш кейіпкерінің жеке құжаттары мен фотолары қойылды. Сонымен қатар, деректі фильм көрсетіліп, естеліктер айтылды.
Кездесуде Әбілқайыр Оспанов туралы жазылған «Бәйтерек» кітабының тұсауы кесілді. Естелік жинақтың авторы жазушы - Өтеш Қырғызбаев. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Есею белестері» деп аталады. Онда Әбілқайыр Садырұлының өнегелі өмірі баяндалған. Екінші бөлімде замандас, әріптестерінің естелік әңгімелері топтастырылса, үшінші бөлімде кейіпкердің қаламынан туған өлеңдер жарияланған. Төртінші бөлімінде кітап кейіпкерінен өрбіген ұрпақ жайлы сыр шертілген.
 width=
Рухани кеш әсем әнмен, мәнді де мағыналы арнаулармен өрнектеліп, жиналған қауымға мол рухани әсер сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі