Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды ма?
Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды ма?
Бұл мәселеге байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында пікір білдірді.
Ресей басқыншылығындағы Украинаның жері – Қырымдағы лагерьге демалуға кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы әке-шешелерінің қолында. Мұндай жеке меншік олимпиадалар мен байқауларға тосқауылдар қойылды. Ол тосқауыл бар. Бірақ бұл жерде мынаны түсіну керек. Бұл ата-аналардың өз еркімен жасалған дүние. Әрі қарай мұндай мәселелерге жол берілмес үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрліктің құқық қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жіберуге жол бермеу мәселесі қолға алынып отыр", - деді ол.Айта кету керек, Қазақстанның 10 оқушысы Қырымда орналасқан лагерьге демалуға 24 күнге аттанған болатын.