Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай үкімет отырыс кезінде Алматы облысының әкіміне сұрақ қойды. Ол сатылмаған ештеңе қалмағанын алға тартты. Сондай-ақ білім ошағының жекеменшік болып кеткеніне өз наразылығын білдіріп, облыс әкіміне сауал жолдады, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Мен бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектепті сатып жатырмыз. Бүкіл ауыл балалары қуанып күтіп жүргенде, сол ауыл мектебі сатылып кеткен. Оны кім сатады? Әкімдік сатады. Ол біреуге 15 миллионға сатқан. Одан біреуге 80 миллионға сатқан. Соны прокуратураға “қайда қарап отырсыңдар?” дегем. “Шамамыз келмейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды” дейді олар. Сол ауылда құлайын деп тұрған үй 7 миллионға сатылады. Ал мектепті 15 миллионға сатып жіберді деген сұмдық нәрсе ғой. Облыс әкімі соны орнына қайтарыңыз. Әйтпесе фамилияның соңына жетемін. Екі ай уақыт береміз”,-деп сөз сөйледі ол.
Өзекті мәселені көтеріп отырған депуттатың сөзіне қасында отырған әріптестерінің күлгенін байқауға болады. Әріптестерінің әркетін желі қолданушылары сынап жазба қалдырған. “Қасындағы әйел неге күліп отыр?”, “Басқа депутаттар несіне мәз? Күлкілі әзіл айтып отырған жоқ!”, “Ауадан басқа сатылатын нәрсе қалмады”, “Бұл жаңа Қазақстан”, “ойбүй, бұлар не ойлап отыр екен? Бұлар халыққа емес, өз ұрпағына қиянат жасап отырғанын біле ме екен?”.