Елде ет және ет өнімдерін тұтыну антирекорд жаңартты
Елде ет және ет өнімдерін тұтыну антирекорд жаңартты
Биыл қаңтар–сәуір айларында ірі қара малдың, ұсақ малдың, шошқаның, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған етінің өндірісі 24,5 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% аз. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын сектор 14,2% өскен, деп хабарлайды newsroom.kz.
Жас немесе тоңазытылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшалар өндірісі 21 мың тонна болды, бұл былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда үштен бірге көп.
Биыл сәуірдің қорытындысы бойынша, ет пен құс етінің бағасы бір жылда 12,1% қымбаттады — бір жыл бұрынғы бағаның өсімі 14,8%-ды құраған. Құс еті айтарлықтай, бір жылда 15% қымбаттады. Шошқа еті — 12,4%, жылқы еті — 11,9%, сиыр еті — 11,1%, қой еті — 9,3% қымбаттады.
Бір айда баға 0,7% өсті. Анықтама үшін: 2022 жылдың сәуірінде бір айдағы баға өсімі 2% болған.
Биыл ет пен құс еті бағасының айтарлықтай өсімі наурызда байқалды: 1,2%.
ҚР өңірлері арасында 2023 жылдың сәуірінің қорытындысы бойынша, бір жылдағы ең көп қымбатшылық Павлодар облысында байқалды: мұнда құс еті бірден 30,6%, жылқы еті — 17,5% қымбаттады. Астанада да баға айтарлықтай өсті: шошқа еті бір жылда 25%, сиыр еті — 19,5%, жылқы еті — 16,9% қымбаттады, ал қой еті — 0,6% арзандады.
Ақмола облысында да қымбаташылық жоғары: жылқы еті 30%, қой еті 22,2% қымбаттады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қой еті тиісінше 24% және 22,9% қымбаттаса, Батыс Қазақстан облысында құс еті 27,5% қымбаттады.
Сонымен қатар, қазақстандықтар ет пен ет өнімдерін аз тұтына бастады. Мәселен, 2022 жылы орта есеппен жан басына 78,2 килодан ғана ет өнімі келген, бұл төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Оның ішінде ет пен құс еті бір жылда жан басына шаққанда 43,7 килодан келеді. Әрбір қазақстандық орта есеппен 23,8 кило сиыр етін (2021 жылға қарағанда 1,1% аз), 5,4 кило қой етін (1,3% аз), 3,3 кило шошқа етін (3,7% аз) жеді.
Бұл ретте жылқы етін тұтыну 2022 жылы 7,8%, 6,2 килоға дейін, тауық етін тұтыну 8,2%, 5 килоға дейін өсті.