Жаңалықтар

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өткізіледі

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өткізіледі

Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, деп newsroom.kz хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру. Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді. Олардың ішінде: - ақпараттық роликтер; - мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат; - патриоттық іс-шаралар.