Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Астанада мүмкіндігі шектеулі азамат кәсіп бастап, үй сатып алды

Астанада мүмкіндігі шектеулі азамат кәсіп бастап, үй сатып алды

Астанада мүмкіндігі шектеулі азамат кәсіп бастап, үй сатып алды
ашық дереккөзі
«Сұрауы бар» ютуб арнасында тағдыр сынағына морт сынбаған азамат жайлы  видео жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz. Аслан Ысқақов -  Қарағанды облысының тумасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын қатты сырқаттанып, кейін мүгедек болып қалады. Қиын сәтте жұбайы қолдау көрсетіп, өмірге қайта құштарлығы артқан. Кәсіп бастап, Елорданың қақ ортасынан  2 бөлмелі үй сатып алды.  Аслан күн сайын 3 сағат жаттығады. Аяққа тұрып кетеріне сенеді.  width= «Осыдан 5 жыл бұрын қыздарым «ветрянкамен» ауырды. Ол маған жұқты. Бір апта ауырдым. Аяғым ұйып кетті. Жүре алмай қалдым. Кейін қолдарым маған бағынбады. Сөйтсе мидың артқы бөлігіне инфекция түсіпті. Жаттығу жасап, қолдарымды қалпына келтірдім. Қазір белімнен төмен ештеңе сезбеймін. Ыстық су құйсаң да, қарап тұра беремін»,-дейді Аслан Ысқақов. Аслан 2 қыздың әкесі. Олардың жарқын болашағы үшін әлі тырмысуым керек дейді. Өзі  жұбайына салмақ салғысы келмейді. Сондықтан орнынан тұруға көмектесетін құрылғы ойлап тауыпты. Оны пәтерінің  төбесіне бекіткен. «Ең өкініштісі балаларымның жиналысына қатыса алмаймын. Мен сияқты жандар мектепте арбамен жүре алмайды. Лифті жоқ. Қасыма кем дегенде 2 жігіт алып жүру керек. Сондықтан ата-аналар жиналысына жұбайым қатысты»,-дейді Аслан. Мүмкіндігі шектеулі азаматты қиын сәтте демеген кім? Қандай кәсіп бастады? Жоспары мен сынақпен күресі жайлы ««Сұрауы бар» ютуб арнасына жарияланған видеодан көріңіз. https://www.youtube.com/watch?v=o1oeMb_mClQ