Жаңалықтар

Еліміздің 20 өңірінің 6-да үй шаруашылығының шығыны табысынан асып түседі

Еліміздің 20 өңірінің 6-да үй шаруашылығының шығыны табысынан асып түседі

Антикөшбасшылар — Алматы мен Жетісу облыстары және Шымкент қаласы

2022 жылдың төртінші тоқсанында ақшалай табыс бір жыл бұрынғыдан 17,7% өсіп, жан басына шаққанда 252,4 мың теңге болды, деп хабарлайды newsroom.kz. Салыстыру үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде халықтың табысы 10,6% өсіп, орташа есеппен 214,5 мың теңге болған. Бұл ретте жан басына шаққандағы шығын бір жылда 15,1% өсіп, бір тоқсандағы рекордтық 246,8 мың теңге болды. Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде үй шаруашылығының шығыны бір жылда 12% көбейіп, 214,5 мың теңге болған. Табыс пен шығын арасындағы айырмашылық 5,6 мың теңгені (немесе 2,3%) құрады, яғни табыс шығыннан осыншалықты көп. Бұл соңғы жылдардағы сәйкес кезеңдегі ақшалай көріністегі ең жоғары айырмашылық. Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында: жан басына шаққанда 357,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық. Екінші орында Қарағанды облысы болды: 354,9 мың теңге, 23,1% көбейген. Үздік үштікті Ұлытау облысы жапты: 339,1 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіштер Түркістан облысында: бар болғаны 163,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 23,7% көп. Шығындар бойынша Қарағанды облысы көш бастады: жан басына шаққанда 327,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21% көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (322,1 мың теңге, 7% көбейген) және Ұлытау облысы (307,4 мың теңге) кіреді. Ең аз шығын тағы да Түркістан облысында: жан басына шаққанда 177,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 25,2% көп. Еліміздің 20 өңірінің 14-де халықтың ақшалай табысы шығынынан көп. Ең жақсы көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында байқалды: мұнда табыс шығыннан 25,6% көп. Қостанай облысы мен Астана да алғашқы үштікке енді: табыс шығыннан тиісінше 24,1% және 18,9% көп. Төртінші және бесінші орында Абай (18,3%) және Маңғыстау (17%) облыстары. Қазақстанның 20 өңірінің 6-да керісінше шығын табыстан көп. Табысы шығыннан 14,8% аз болған Алматы облысы антикөшбасшы. Басқа өңірлерде бұл көрініс мынадай: Жетісу облысында табыс шығыннан 14,5%, Шымкентте — 8,6%, Алматыда — 8,2%, Түркістан облысында — 8%, Жамбылда — 5,2% аз. Бұл ретте Мәжілісте ҚР Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Қазақстандағы тұтыну қоржынының сапасының нашарлап, халықтың азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығынының көбейгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.