Алматыдағы Қазақстан Қарулы күштерінің Тау даярлығы орталығына Италия Республикасы Қарулы күштерінің құрамында тәжірибелі нұсқаушылары бар делегациясы келді.
Сапар Қазақстан мен Италияның қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары төңірегінде өтті, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Итальяндық мамандар бағдарлау, ұрыс қимылдарын жүргізу, таулы жерлерде жаралыларды эвакуациялау бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Тау жабдықтарын қолдану машығы және таудағы бөлімшелердің қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.
Әскери қызметшілер алған тәжірибе тау бөлімшелерінің қызметінде қажет болары анық.