Жаңалықтар

Бұдан былай Сара Назарбаеваның пәні мектептерде оқытылмайды

Бұдан былай Сара Назарбаеваның пәні мектептерде оқытылмайды

  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған институттың атауы өзгереді, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында айтылған. “Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалады. Енді аталмыш институттың атауы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты болып өзгертіледі”, - делінген жобада. Қаулы жобасының авторы – Оқу-ағарту министрлігі. Құжат 15 маусымға дейін ашық талқылауда болады. Естеріңізге сала кетсек, Сара Назарбаева «Бөбек» қорын ашқан болатын. Қор жанынан ашылған институттың мақсаты– “Өзін-өзі тану” пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысу. Министрліктің мәліметі бойынша “Өзін-өзі тану” пәні бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір сыныпта өткізіледі. Биылдан бастап мектептерде “Өзін-өзі тану” міндетті пән болмайды. Пәнінің авторы Сара Назарбаева.