Жаңалықтар

АҚШ президенті Джо Байден тегіс жерде оңбай құлады

  АҚШ президенті Джо Байден Колорадо штатындағы Америка әуе күштері академиясының курсанттарының бітіру салтанаты кезінде тегіс жерге оңбай құлады, деп хабарлайды newsroom.kz Риа-новостиге сілтеме жасап. Жарияланған бейнежазбада Ақ үйдің басшысы трибунада жүргенде аяғы шалынып, құлап түскенін көруге болады. Президент өз еркімен тұруға әрекеттенгенімен тұра алмады. Күзетшілер американдық көшбасшыға аяғына тұруына көмектесті. Бейнежазбада байқағандай, орнынан тұрған ол саусағымен бөгде нәрсе бар деген ишарамен еденді көрсетеді. Ақ үйдің тілшілері президенттің денсаулығына зиян жарақат алғаны туралы хабар таратқан жоқ. Сексеннен асқан Байден АҚШ тарихындағы ең кәрі президент. Соған қарамастан ол екінші мерзімге сайлануға дәмелі. Алайда соңғы кездері ол бірнеше рет сүрініп немесе құлап, ауамен амандасып немесе сахнада адасып кетіп жүр.