Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңадан құрылған Коммуникациялар департаментінің директоры лауазымына 2023 жылғы 1 маусымда тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz.
1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
Дипломатиялық мансабын 2006 жылы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде бастады.
2008-2009 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі
2009-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің үшінші хатшысы
2010-2012 жылдары ҚР-дың Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы
2012-2013 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы
2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы
2014-2015 жылдары ҚР-дың Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы
2015-2018 жылдары ҚР-дың Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы
2018-2019 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті Баспасөз қызметінің жетекшісі
2019-2023 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті Төрағасының орынбасары - Баспасөз хатшысы
II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.