Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бес банк көрсеткіші төмендеді: қазақстандықтар ақшаларын қайда салып жатыр?

Бес банк көрсеткіші төмендеді: қазақстандықтар ақшаларын қайда салып жатыр?

Бес банк көрсеткіші төмендеді: қазақстандықтар ақшаларын қайда салып жатыр?
ашық дереккөзі

Қазақстандықтар ақшаларын қайда салып жатыр? Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы

1 сәуірде қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 17,2 трлн теңгеге жетті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 232 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды newsroom.kz. Бір қызығы, бірінші тоқсанда көрсеткіштің динамикасы біркелкі емес: мысалы, қаңтарда жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 136,2 млрд теңгеге, ақпанда тағы 73,5 млрд теңгеге қысқарды, бірақ наурызда ол бірден 441,7 млрд теңгеге өсті. Соның нәтижесінде тоқсан сайынғы өсім осындай болды. Тоқсандық өсім бойынша брінші орында басқа ЕДБ-дан айтарлықтай айырмашылықпен Отбасы банкі: бірден 157,6 млрд теңгеге көбейіп, биыл сәуір айының басында 2,3 трлн теңгеге жетті. Наурыздың өзінде банк жеке тұлғалардың депозиттері қоржынына тағы 69,6 млрд теңге қосты. Отбасы банкі қазіргі уақытта ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз банк. Нарықтағы ең тиімді мөлшерлемемен несие беретін және тұрғын үй үшін жинақтарын ұсынатын банк. Биыл 15 мамырдан бастап банк аралық несие мөлшерлемесін төмендетті: бұрын мөлшерлеме жылдық 7%-11,5% (ЖТСМ — 7,4%-дан бастап) болса, қазір дәліз 6%–10% (ЖТСМ — 6,2%-дан бастап). Бұл ретте, аралық несие алу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде депозит толтырылған сәттен бастап кемінде 3 ай күту керек (одан кейін мөлшерлеме ең көбі 10% болады). Банкте жинақталған әрбір келесі ай сайын мөлшерлеме төмендеп, бір жылдан кейін ол минималды 6%–7,5% болады. Осылайша, депозиттер бойынша жоғары мөлшерлеме мен оған мемлекет сыйлықақысы ғана емес, сонымен бірге ең жақсы шарттармен кейіннен несие алу мүмкіндігіне байланысты жинақтарды банкте сақтау тиімді.
Some Image
Жыл басынан бергі өсім бойынша екінші орында Kaspi Bank: 120,8 млрд теңге көбейіп, 3,8 трлн теңгеге жетті. ҚР ЕДБ арасында алғашқы үштікті жабады Фридом Финанс Қазақстан банкі — халық депозиттерін ұстаушы банктер арасына жаңадан қосылған қаржы ұйымы: бірінші тоқсанда көрсеткіш 57,3 млрд теңгеге көбейіп, сәуір айының басындағы 366,6 млрд теңгеге жетті. Жалпы, секторда бірінші тоқсанда халық депозиттерінің көлемі ҚР-ның 21 ЕДБ-нің 13-іне және халықтың депозиттерін ұстаушылардың алғашқы ондығына кіретін 5 банкке өсті.
Some Image
Бір қызығы, ҚР ЕДБ депозиттерінің жалпы көлеміндегі халық салымдарының үлесі бір жыл бұрынғы 51%, бес жыл бұрын 49,2% және он жыл бұрынғы 37,8% болса, қазір 54,7%-ға жетті. Биылғыдай жоғары көрсеткіштер бұрын болмаған. Шын мәнінде, бүгінгі таңда ҚР ЕДБ қаржыландырудың негізгі көзі халықтың салымы.