Жаңалықтар

Прокурорлар есірткіге қарсы акция өткізді

Прокурорлар есірткіге қарсы акция өткізді

Түлкібас ауданы прокуратурасының бастамасымен мектептердің жоғары сынып оқушыларының, педагогтардың, медицина қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен орталық стадионда "Жастар есірткіге қарсы" акциясы өткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz. Акцияның басты мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында есірткі заттарының таралуы мен тұтынылуына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Аудан прокуроры Н.Асқанбеков аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, акцияның барлық қатысушыларын жастар арасында есірткінің таралуымен белсенді күресуге шақырды. Алдын алу шараларының нәтижесінде бүгінгі күні жастар арасында есірткі заттарымен байланысты құқық бұзушылықтар аудан аумағында тіркелмеген. Акция барысында жастар арасында жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттай отырып, спорттық жарыстар (футбол, 100 метрге жүгіру және т.б.) ұйымдастырылды.  

Түркістан облысының прокуратурасы