Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Балаларымыз – аманатымыз!» Республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды

«Балаларымыз – аманатымыз!» Республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды

«Балаларымыз – аманатымыз!» Республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды
ашық дереккөзі
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Қазақстандағы №1 балмұздақ өндіруші «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп «Балаларымыз – аманатымыз!» Республикалық қайырымдылық жобасын бастады, деп хабарлайды newsroom.kz. Республика бойынша өтіп жатқан акция аясында ерекше назар мен қамқорлыққа мұқтаж бүлдіршіндерге жүйелі түрде қайырымдылық көмек көрсету жоспарлануда. Қайырымдылық жоба 20 өңірде өткізіліп, 8 мыңдай бала тәрбиеленіп отырған 100-ге жуық мамандандырылған мекемелерді қамтымақ. Аталмыш акция аясында партияның Алматы қалалық филиалы мен «Шин-Лайн» компаниясының басшылығы, қалалық мәслихат депутаттары және «Жастар Рухы» белсенділері 4 мамандандырылған мекемеге барды. Мекемелерде ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балаларға республика бойынша 10 мыңнан астам балмұздақтар таратылды. Бүгінде «Жанұя», «SOS Алматы Балалар ауылы», «Мейірім», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» сияқты ұйымдарда тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндер, «балмұздақ – жаздың ең дәмді нышаны» - екенін тілге тиек етті. - Осындай қайырымдылық жобалардың сөзсіз маңыздылығы зор. Балалар – біздің «AMANAT». Біз балаларымыздың өсіп, дамуына, өз әлеуетін жүзеге асыра алатын лайықты жағдайларды қамтамасыз етуге қолдау көрсетуіміз керек деп есептеймін. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлерді жетім балаларға, сондай-ақ балаларды асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз, - деп «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров мәлімдеді. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қоғамның назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың күнделікті мәселелеріне аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» компаниясы вафли стаканындағы «Мишка на полюсе» балмұздағының сатылымынан түскен пайданың 1%-ын балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға көмекке бағыттайды. - Акция бастамашысы Андрей Шин, «Шин-Лайн» компаниясы тобының президенті және қалалық мәслихат депутаты, «Шин-Лайн» ― отбасылық бизнес болып табылатын жеке компания, сондықтан отбасылық құндылықтар бірінші орында тұрғандығын атап өтті, сондай ақ әрбір балаға қолдау көрсету үшін «AMANAT» партиясының тарапынан компанияға барлық өңірлермен бірден байланыста болуға мүмкіндік беретін акцияны қолдайтындығын, сонымен қатар балалар үйлерінде тәрбиеленетін жетім балаларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыратындығын» айтты. Қазіргі таңда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге бағытталған ұйымдарда балалар санының азаюын байқауға болады. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 3366 бала асырап алу тізімінде тұр екен. Қайырымды жандар, ұйымдастырылған «Балаларымыз - аманатымыз!» науқаны жақсы үрдіске айналып, болашақта да елімізде жүйелі түрде өткізіліп отырады деген үмітте.