Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады.
Астанада бір жыл бойы сабақ өткізбесе де жалақы алып келген №49 мектептің директоры қызметінен босатылды, деп
newsroom.kz жазады
inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Желіде Астанадағы №49 мектеп директорының білім ордасынан кетіп бара жатқан видеосы тарауда. Оқушылар "бір жыл бойы сабақ өткізбей, қалай ақша алып келдіңіз" деп Арай Мұхамеджанованы сұрақтың астына алады. Бірақ та, бұрынғы директор тарапынан жауап болмады.
Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдағанын
жазған болатынбыз.