Жаңалықтар

Түркістандық жүзгіштер – параспартакиада жеңімпаздары

Тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI жазғы параспартакиада ойындары Ақтөбе қаласында өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Оған әр өңірден жалпы саны 150-ге жуық спортшы қатысты. Спортшыларымыз Түркістанның мәртебесін көтеріп, жарыста жүлделі орындарға қол жеткізді.
 width=
Атап өтетін болсақ, Сәулет Рахманберді 100 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанса, 200 метрге жүзуде де чемпион болды. Сонымен бірге жарыстың екінші күні 100 метрге шалқалай жүзуден бірінші орынға ие болды. Ал Қасымбек Бекасыл 100 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарса, 200 метрге жүзуден де теңдессіз болды. 50 метрге еркін жүзуден күміс медаль еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі