Жаңалықтар

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында басталуы мүмкін

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында басталуы мүмкін

Қазақстан мен Түркия арасында келесі айдың соңында әуерейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Newsroom тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. ұшақ "Қос тарап екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастықтың І тоқсанын қорытындылады. Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың салыстырғанда 10% артып, 239 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тонна болды. Транскаспий халықаралық көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.
Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының соңында әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады", - делінген ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.