Жаңалықтар

Астанадағы тректегі велоспорт жеңімпазының есімі белгілі болды

19-22 мамыр аралығында елордада "Сарыарқа" велотрегінде Silk Way series Astana I және II (CL2) тректерінде велоспорттан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды newsroom.kz Қазақстандық велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап. Бұған дейін Silk WAY Series Astana 2018 және 2019 жылдары өткізілген болатын. Араға бірнеше жыл салып, Астана төрінде ұйымдастырылды. Халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Иран, БАӘ және Литва елдерінен элита санатындағы спортшылар қатысты. Жарыс Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) күнтізбесіне кіреді. Сонымен қатар спортшыларға әлем чемпионатына сол жерден Олимпиадаға іріктеу үшін қажетті ұпай жинауға мүмкіндік береді. Велоспортшылар кейрин, омниум, жеке жарыс, топтық жарыс және мэдисон түрлері бойынша таласқа түсті.

«Мен Silk Way сериясына екінші рет қатысып отырмын. Бұл жарыс, трек және атмосфера өзіме өте ұнайды. Мен барлық мақсатыма қол жеткіздім, бірнеше медаль жеңіп алдым. Маған Астана ұнайды», – дейді литвалық шабандоз, Токио Олимпиадасының қатысушысы Оливия Балейшите.  width=

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жеке спринт және кейрин бойынша бас жүлдені Андрей Чугай жеңіп алды. 2-орынды Дмитрий Резанов иеленсе, 3-орынға – Рамазан Мұхтар жайғасты. Ал әйелдер арасындағы жеке спринтте Юлия Голубкова бас жүлдеге ие болды. 2-орын – Сетаре Заргар, ал 3-орын – Фатеме Хадаванд жеңіске жетті. Жарыстың кейрин түрі бойынша Андрей Чугай мен Дмитрий Резанов бірінші және екінші орынға жайғасты. 3-орын литвалық Лауринас Винскасқа бұйырды. Кейрин, әйелдер арасында 1-орын ға Фатеме Хадаванд, 2-орын – Юлия Голубкова, 3-орын – Меде Назари жеңіп алды. Ерлер арасындағы омниум бойынша елордалық Илья Қарабутов бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 2-орын – Руслан Елубаев, 3-орын – Сергей Кармажаковқа бұйырды. Ал әйелдер арасындағы омниум жарысынан үздік болған литвалық Оливия Балейшитеге иеленді. 2-орын – Маргарита Мисурина, ал 3-орын – Ангела Соловьева жеңіс тұғырына көтерілді. Марапаттау рәсіміне Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары Айгүл Бектенова мен Бекболат Байжанов және "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс барысында орталық тәрбиеленушілеріне велосипедшілерді қалай таныстыратыны туралы суреттер салу ұсынылды. Іс-шара соңында балалар жеңімпаздарға өз суреттерін сыйға тартты.