«JOLTAP» жобасы елордалық жұмыссыз жастарды қолдайды
«JOLTAP» жобасы елордалық жұмыссыз жастарды қолдайды
Астанада «JOLTAP» жобасы іске қосылады, ол кірістерді арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. Сауда, қоғамдық тамақтану, құрылыс, көлік, қызмет көрсету салаларынан 100-ге жуық кәсіпкер, бірқатар салалық қауымдастықтар мен бірлестіктерден келген қоғам белсенділері әкімдік кеңесіне қатысып, жоба таныстырылды, деп хабарлайды newsroom.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда, онда белсенді және алдын алу әлеуметтік саясатының қажеттілігі атап өтілді. Жалпы жоба құралдары қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады. Жобаның бірлескен операторы «Баршаға Мүмкіндік» қоғамдық қоры болды.
Ел Президенті «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деп баса айтты. Расында да, еңбекқор ұлт – жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті ел. Оны жүзеге асыру үшін тек мемлекет қана емес, осы елдің әрбір азаматы ынталы болуы қажет. Масылдық пен ғапылдықтан арылсақ, еліміз өсіп-өркендейтіні хақ. Демек Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, осы бір жағымсыз әдеттен арылуға тиіспіз. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендерді барынша демеп, Абайша айтсақ, дүниеге кірпіш болып қалануына жағдай жасап, өмірде өз жолын табуға мүмкіндік беруіміз қажет. Мемлекет басшысы осыны көздесе керек. «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының мақсат-міндеті де осы. Біздің бастағалы отырған ауқымды әрі салмақты жобамыз елдегі саяси өзгеріспен үндесіп тұрғандай. Қоғамдық қордың басты міндеті лайықты еңбек пен табыстың жаппай идеологиясын қалыптастыру арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу. Жастармен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
«JOLTAP» жобасының мақсаты – мұқтаж азаматтардың өмірлік жағдайын анықтау және қамту. Бұған адамдар көп жиналатын орындарда «Баршаға Мүмкіндік» деп аталатын модульдік пункттерді орналастыру есебінен қол жеткізілетін болады. Өтініш берушілерге міндетті түрде табысын арттыру үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шаралары ұсынылатын болады.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның идеясы қала тұрғындарының табысын арттыру және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша мүмкіндіктер спектрін ұсыну, бірегей деректер базасын құру және жұмысқа орналастыру бойынша проактивті тәсіл екенін атап өтті. Осы мақсатта барлық маңызды жұмыс орындары бар бірыңғай Telegram-арна секілді құралдар қосымша іске қосылады, сала көшбасшыларының талаптары мен стандарттары бойынша қысқа мерзімді оқыту, сондай-ақ цифрлық дағдыларды (фрилансқа арналған мамандықтар) тегін оқыту ұйымдастырылады.
Осы құралдарды тиімді іске асыру үшін кездесуде қаланың негізгі жұмыс берушілері ретінде бизнестің жобаға қатысу мәселесі талқыланды. Бизнес өкілдері жобаны іске асыруды қолдап, кадрларды іздеу мен даярлаудың түйткілді проблемасына байланысты қосымша шаралардың өзектілігін ерекше атап өтті.
Ынтымақтастық туралы меморандумға әкімдік, «Баршаға Мүмкіндік», «Magnum», «Technodom», «Тәп-тәтті» сияқты салалардың көшбасшылары қол қойды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасады.
Ең басты мақсат жастарды еңбекке баулып, жұмысқа ынталандыру. Екі қолға бір күрек ұстап, адал аспен өмір сүру. Қоғамның түйткілді мәселесінің бірі шешіліп, жастарға оң бағыт-бағдар берілуі басты мақсат.