Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам 8 жылға сотталды
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам 8 жылға сотталды
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушысын Сарыарқа ауданының №2 соты «қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны, сондай-ақ алаяқтық жасағаны» үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп newsroom.kz хабарлады Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Елорда сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сотталушы 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларында алты адамды қылмыстық топқа тартып, кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүргендей кейіп танытып, бірнеше ЖШС-ні сатып алған. Кейіннен ол компаниялар көліктерді нарықтан төмен бағамен сатады деген ақпарат таратады.
Осылайша, 2021 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында «Mega-General Company», «Mega-General Co», «NurAutoKz» ЖШС және «Нұр-Ай» ЖК 300-ден астам адаммен келісімшарттар жасасып, соның нәтижесінде қомақты қаражат жинап, сондай-ақ азаматтардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеден астам мүлкін кепілдікке алады, - делінген сот хабарламасында.Қаржы пирамидасының қызметін одан ары жүргізіп, көрсетілген тұлғалар азаматтарды алдау және сеніміне кіру арқылы алынған көлік құралдарын кепілдікке қоя отырып, несие рәсімдеген, сонымен қатар автокөлік сатамыз деген сылтаумен 25-тен астам адамның аса ірі көлемдегі ақшасын иемденіп кеткен.
Сот үкімімен аталған тұлғаға ұйымдасқан топ құрып жетекшілік еткені (Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі), қаржылық (инвестициялық) пирамида құрды (ҚК 217-бабының 3-бөлігі), сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында аса ірі көлемде ақша жымқыруға байланысты алаяқтық жасады (ҚК 190-бабы 4-бөлігі 1, 2-тармақтары) деген айып тағылды. Барлық қылмыстық құқықбұзушылық саны бойынша сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, - делінген хабарламада.Сотталушыға азаматтардың қаражатын және инвестициясын тартуға қатысты қызметпен айналысуға және коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жеті жыл бойы лауазымды қызметтер атқаруға тыйым салу туралы қосымша жаза тағайындады. Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.