Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Таң намазын оқудың 8 пайдасы

Таң намазын оқудың 8 пайдасы

Таң намазын оқудың 8 пайдасы
ашық дереккөзі
1. Таң намазын оқыған адам, түні бойы құлшылық жасағанмен тең Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) былай деп куәлік етеді: Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай айтқанын естідім: «Кім, кұптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық жасағанмен тең». ("Сахих Муслим", 260/656). 2. Таң намазын оқыған адам Алланың қамқорлығында болады Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді»- деген. («Сахих Муслим», 261/657) 3. Адам таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқуды әдетке айналдырса, онда оған Қиямет күні сыйға Нұр тартылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін Қиямет күні нұрландырады» - деген. («Сунан Ибн Мәжәһ», 781). 4. Таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқыған адам, сөзсіз, Жәннатқа кіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Әл - Бардайнды орындаған адам – жәннаттық», - деді. Әл - Бардайн - Таң намазы (фәжр) жане Екінті намазы (аср). («Сахих әл-Бұхари», 548/549). 5. Таң намазын қалау ұйқыдан артық және ол тағдырды жеңілдетеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай деп айтқан: «Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады» («Әл-Жами`ус-Сағир», 5129). Оның мәні: Таң намазы мен күннің шығу уақыты зікір жасайтын уақыт. Алланы еске алатын кез. Ибн Қаййм осыған байланысты былай деген: «Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі, бұл уақыт ризық бөлінетін уақыт». 6. Таң намазын оқу – бүкіл әлемнің байлығын қолыңа ұстағаннан артық. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) :" Таң намазының екі ракағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық"-деген. («Сахих Муслим», 96/725). 7. Таң намазын оқыған адамға періштелер куәлік етеді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып, сендермен түнде бірге болғандары (көкке) көтеріледі. Сонда (Алла) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді»,—деседі»,—деген. «Сахих әл-Бұхари», 530) 8. Таң намазын оқыған кісіні Алла Тағала жарылқайды және оған береке сыйлайды Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: «Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр», - дейтін. (Суннан ат -Тирмизи) © Oinet.kz