Адам өміріне аса қажетті инновациялық дәрі-дәрмек әзірлеумен айналысатын Takeda Pharmaceutical Company Limited ғаламдық биофармацевтикалық компаниясы Михаил Владимировтың 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Такеда Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады. Takeda компаниясының қызметі бұрынғысынша Қазақстан нарығын қауіпсіз әрі тиімділігі жоғары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы заманауи дәрілік терапиясының қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды newsroom.kz.
Михаил Владимировтың фармацевтика саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол Novartis және GlaxoSmithKline сынды халықаралық фармацевтикалық компанияларда түрлі басшылық лауазымдарды атқарған. Михаил Takeda компаниясына 2020 жылы келіп, ЖШҚ «Такеда Фармасьютикалс» генетикалық аурулар бөлімшесінің директоры лауазымына тағайындалды. Компанияда жұмыс істеген жылдары Михаил сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастар үшін инновациялық шешімдердің қолжетімділігін арттыратын Такеда компаниясының ішкі үдерістерін қалыпқа келтірді. Оның жетекшілігімен жүзеге асырылған науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған айрықша маңызды жобалары бірнеше мәрте компанияның үздік тәжірибесі ретінде танылды.
Өзінің тағайындалуына пікір білдіре отырып, Михаил Владимиров:
«Біздің Қазақстан пациенттерінің сапалы инновациялық ем алуға қолжетімділігін арттыруға бағытталған мақсатымыз ешқашан өзгермейді. Бүгінгі таңда біздің Қазақстандағы тізімімізде адамдардың өмірін сақтап қалатын әлеуеті бар 10 инновациялық дәрі бар және бұған қоса біз алдағы үш жылда қазақстандық пациенттерге тағы да 7 инновациялық дәріге қол жеткізу мүмкіндігін жасауға ниет білдіріп отырмыз. Қазақстандағы пациенттерге ең жаңа әзірлемелер қолжетімді болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Takeda компаниясының қызметі бұрынғысынша терапияның негізгі салаларында емдеудің инновациялық әдістерін ілгерілетуге бағытталған. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып әрі науқастарға қызмет көрсету аясын дамыта келе денсаулық сақтау саласында жаңа кешенді шешімдер ұсына алатынымызды сеніммен айта аламын», - деп атап өтті
.
«Такеда Қазақстан» - Takeda компаниясының ғаламдық биофармацевтикалық тобының бір бөлігі. Оның еліміздегі негізгі терапиялық бағыттарды дамыту мен өсірудегі әлеуеті айтарлықтай зор. Қазақстанда Takedaның қызметі гематология, иммунология, онкология және гастроэнтерология саласында сирек кездесетін ауруларды емдеуге бағытталған. Атап айтқанда, компания ІІ типті мукополисахаридоз, Фабри ауруы, Ходжкин лимфомасы, көпқырлы миелома, ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы және жаралы колит), тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісік, гемофилия секілді күрделі әрі әлеуметтік маңызы зор аурулармен жұмыс істейді. Бүгінде Takeda Қазақстандық фармацевтикалық нарығының шамамен 3% құрай отырып, IQVIA-ның мәліметтеріне сәйкес ҚР алдыңғы қатарлы фармацевтикалық компаниялардың 10 көшбасшы қатарына енеді.