Әнші Мейрамбек Беспаев біраз жыл бұрын қандай аурумен ауырғанын айтты
Әнші Мейрамбек Беспаев біраз жыл бұрын қандай аурумен ауырғанын айтты
Елімізге танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мейрамбек Беспаев Хабар агенттігінің “Алғашқы” атты бағдарламасында қонақта болып, өмірінің қызықты сәттерімен бөлісті. Жүргізушінің “алғыс алып жүрген жансыз, қарғыс алған кездеріңіз болды ма?” деген сұрағына әнші жауап берді, деп жазады newsroom.kz.
“Алғыс айтып жататындар болады, алайда әлеуметтік желілерде де танымаса да, жаман пікірлер жазып жататындар жетіп жатыр. Өзім бала кезімнен тіз-көз тиіп жататын адаммын. Әлі күнге дейін сондаймын”,-дейді әнші. Осы орайда әншінің ұстазы, Алтынбек Қоразбаев та өз ойын айтып өтті. “Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар көп болды. Мейрамбекке кім ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Білесіздер ғой. Қатты ауырды. 80 келілік бала 20-25 келі салмақ тастады, Елдің бәрі “анау ауру”екен, “мынау ауру” екен, “зобпен” ауырады деп, қай-қайдағыны айтты. Мейрамбекке көз тиген. Жасыратын ештеңе жоқ, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген, - деді ол.
Қиын кездерін есіне алған әнші, бүгінде құлан-таза жазылғанын айтты.
“Қазір есіме түссе, бір Алладан ғана сұрадым. 54 кг болып, он минут жүріп тоқтап қалған кез есіңнен шығып кетеді екен. Германияға барған кезде, “зоб”деген диагноз деп қойды. Мен шынын айтыңыздар “рак ауруы” болса оны ашып айтыңыздар дедім. Қандай ауру болса да күресемін деп ойладым.
Бала кезінен “Бозторғай” әнімен сахнаға шыққа бала Мейрамбек бүгінде, еліміздің еңбек сіңірген әншісіне айналды. Әншінің қоңыр үнін тыңдамайтын қазақ кемде-кем.