Жаңалықтар

«Қоштасып шықтым»: Ауыр дертке шалдыққан Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

«Қоштасып шықтым»: Ауыр дертке шалдыққан Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Қалың көпшілікке “Шаншар”, “Алдараспан” театры арқылы танылған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Желідегі парақшасына қызы Аянаттың суретін жариялаған актриса: “Алланың тек маған берген сыйы. Папасы қыз болады дегенде, “неге ұл емес?” деп ренжіп еді.  Осы қыз үшін өмір сүріп жүрген жанмын. “Неге үнемі екеуіңіз ғана жүресіздер?” деген жандарға жауап беретін күн келген сияқты”, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.  width= Актриса марқұм ата-енесін еске алып, күйеуінің туыстарымен қоштасқанын жасырмай айтты. “Бала кезімде нағашы атама “аспандағы жұлдызды әперші” дейді екенмін. Марқұм атамның әперіп, маңдайыма таққан жұлдызы, Алланың қалауымен, шүкір, жанды. Оны өшіруге ешкімнің хақысы жоқ. Апам менкелін болып түскенде басыма орамал салып еді. Жақсы жан. Апа, үз жасаңыз. Алдына барып, сыйымды жасап, мүмкін байқамай ренжіткен жерім болса, ренжімеңіз деп кешірім сұрап, батасын алып, әулетпен қоштасым шықтым. 8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, “ризамын” деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бірң өз орнымен жүретін. Қазір бәрі басқаша.Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген”, – дейді актриса.  width= Соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүрген Жұлдызай Дүйсенбиева дүниеге Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтты. “Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де”, – деп жазды актриса. Бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиеваның денсаулығы күрт нашарлап кеткені туралы жазған болатынбыз.