Жаңалықтар

250 м биіктікте жолаушы ұшақтың есігін ашып жіберді

250 м биіктікте жолаушы ұшақтың есігін ашып жіберді

Asiana Airlines авиакомпаниясының жолаушысы Оңтүстік Кореяның Тэгу әуежайына қонар алдында ұшақтың есігін ашып жіберген. Бұл туралы “Чехап” агенттігі мәлімдеді, деп жазады newsroom.kz. Бортында 194 адам болған әуе кемесі осындай жағдайда қонуға мәжбүр болды. Қону сәтті өтті. Абырой болғанда ұшақтағы адамдар дін аман. Алайда тыныс алу қиындап, 9 адам ауруханаға жөнелтілген. Ал 12 адам жеңіл жарақат алған. Жолаушылардың арасындағы мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатты шошынған. Авиакомпанияның хабарлауынша, 33 жастағы ер адам есікке апаттық тұтқаны тартқаннан кейін болған. Полиция тексеру жүргізуде. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ер адамның есі дұрыс және мас емес екенін айтады.