Елімізде балық өндірісі 7 есеге өсті
Елімізде балық өндірісі 7 есеге өсті
Мемлекеттің кәсіпкерлік шығындарын өтеуі өндірістік қуаттың артуына ықпал етті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қазақстанда бесінші жыл қатарынан тауарлық балық өсіру қарқынды көбейіп келеді. 2017 жылдан бастап жасанды жолмен балық өсірушілер жыл сайын жаңа өндіріс рекорд орнатып келеді. Бес жыл бұрын өсірілетін балықтың жылдық көлемі 2,7 мың тонна болса, 2022 жылдың аяғында 7 есе көбейіп, 19,2 мың тонна жетті.
Былтырғы жылды 2021 жылмен салыстыратын болсақ, жылдық динамика да айтарлықтай жақсы: 28,9% көбейген. Соған қарамастан, балық шаруашылығының жалпы көлемі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ) белгілеген межеге жеткен жоқ. Шенеуніктер 2022 жылдың соңына дейін балық өсірушілер сатуға 22,7 мың тонна балық өсіреді деп үміттенген.
ЭГТРМ 2020–2024 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына қарай балық өсіруді екі есеге ұлғайтып, 42,3 мың тоннаға жеткізу керек. Саланы дамытудағы осындай күрт серпілістер үшін мемлекет тарапынан мемлекеттік қолдаудың жақсы базасы дайындалғанын мойындаған жөн. Министрліктің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібіндегі бизнес жобаларға салық 70% төмендеген. 2021 жылдың шілдесінен бастап балық тұқымы, дәрі-дәрмек құнының 50%-ы, жем құнының 30%-ы субсидияланады. 2022 жылдың маусымынан бастап акваөсіру үшін машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялық шығындардың 25%-ы қайтарылып жатыр.
Былтыр саладағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауға 1,1 млрд теңге қарастырылған. Оның 373,1 млн теңгесі субсидияға, 749,8 млн теңгесі инвестициялық шығындарды өтеуге кеткен. Бұл ЭГТРМ сарапшыларының деректер.
Елімізде 380 балық шаруашылығы жұмыс істейді, бұл екі жыл бұрынғыдан 2 есе артық. Оның басым бөлігі — 291-і — көл-тауарлы шаруашылықтар. 60 кәсіпорын тоған шаруашылығы түрінде, 13 кәсіпорын торлы балық өсірумен айналысады. 16 бизнес жоба технологиялық күрделі айналымды сумен жабдықтау жүйесін пайдалана отырып және бассейндік шаруашылықтарда балық өсіруге бағытталған. Өнеркәсіптік өсіруге арналған балықтардың негізгі түрлері бекіре, тұқы, форель, албырт, тілапия, табан және т. б.
Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Жалпы, Арал-Сырдария бассейнінде 125 балық шаруашылығы бар. Балық шаруашылығының саны бойынша екінші орында Есіл бассейні (107), үшінші орында су ресурстарына бай шығыс Зайсан-Ертіс бассейні (44) тұр.
Қазақстанда балық өсіру шаруашылығы әзірге балық аулаумен бәсекелесе алмайды. Балық өсірудің шарттары мен балық шаруашылығының түрлі шығындары көп. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр тор, жабық бассейн және тоған фермаларында өсірілген балықтан табиғи су қоймаларынан ауланған балық 2,6 есе көп болған. 2022 жылы 50,6 мың тонна балық ауланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,3% көп.
Былтыр балық шаруашылығының екі санаты бойынша өнім көлемі құндық мәнде 19 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын балық өсірушілер мен балықшылар 14,3 млрд теңгенің өнімін берген, биыл өсім 32,8% болды.
Өңдеу саласында статистер екі негізгі өндірістік көрсеткішті айтады. Бұл нәтижені нақты көрсетеді. Біріншісі — жаңа алынған, салқындатылған немесе мұздатылған (ауланған немесе өсірілген) балық өндірісінің көлемі. Былтыр мұндай балық өнімдері өндірісі 47,5 мың тоннаны құрады (2021 жылдан 17,9% көп). Бес жылдық кезеңде өсу айтарлықтай байқалады: 2017 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 80% көбейген.
Екінші көрсеткіш — өңделген және консервіленген балық көлемі. Ол айтарлықтай көп болды: 59 мың тонна. Себебі өңдеуге қабылданған шикізаттың бір бөлігі сырттан әкелінді. Мысалы, Қазақстан аумағында жасалған, бірақ сырттан әкелінген мұхит майшабақтарынан жасалған консервілер. Мұндай консервілер Қазақстанда жасалған өнім саналады. Сонымен қатар, статистикалық есептерде бұл санатқа тек балықтар ғана емес, шаянтәрізділер мен моллюскалар да кіретінін атап өткен жөн.