Түркістан: саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арналған фотокөрме өтті
Түркістан: саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арналған фотокөрме өтті
Түркістан облысы Сайрам ауданында 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар халық жадында» атты еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Сондай-ақ, «Тарих.Тұлға.Тағдыр» атты архив құжаттарынан фотокөрме ұйымдастырылды. Шара Түркістан облысының әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың іс-жоспарына сәйкес, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Жиында Түркістан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмысшы тобының жетекшісі және архив басшысы Г.Шардарбекова жұмыс тобының 2021-2022 жылғы атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады. Жұмысшы топ 8 бағыт бойынша 2 жыл бойы еңбектеніп, 6 архивтік құжаттар жинағы мен 2 монография шығарылғаны айтылды. Сонымен қатар, толық құқықтық ақтауға ұсынылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі толығып жатқандағыны баяндалды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі