Жаңартылған білім беру - тиімді әдістердің жүйесі
Жаңартылған білім беру - тиімді әдістердің жүйесі
Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы №47 жалпы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру-тиімді әдістердің жүйесі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Семинар мақсаты: жаңартылған бағдарлама бойынша өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек беру.
Семинар, оқушылардың керемет қолөнерін тамашалаудан басталды. Әрі қарай келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама көрсетілді.
Сабақ үрдісінде пәнді меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып пән мұғалімдері бағдарламаға сай тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізді. Оқушылармен тілдік дағдысынү дамыта отырып, үлгілі сабақ жоспарын ұсынды. Сабақтарға қатысқан мұғалімдер жоспарлау, белсенді әдіс-тәсілдер, қалыптастырушы бағалаудың тиімді жақтарын меңгере алды.
Семинар соңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға және семинарды ұйымдастырып ынтымақтастық, ауызбіршілік көрсеткен әріптестеріне өз алғыстарын жеткізді.