Түркістан: Сауранда 900 орындық заманауи мектеп бой көтеріп жатыр
Түркістан: Сауранда 900 орындық заманауи мектеп бой көтеріп жатыр
Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Ең алдымен Қарашық елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған.
Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Келесі кезекте нысанды аралау үшін әкім Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі - гүл өсіретін жылыжай жұмысымен тынысты. Кәсіпкердің гүлдерін бүгінде алыс-жақын облыстардан келіп үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс артқан. Кәсіпкер алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі