Түркістанда Ө.Сейітовтың 100 жыл толу мерейтойына орай конкурс өткізілді
Түркістанда Ө.Сейітовтың 100 жыл толу мерейтойына орай конкурс өткізілді
Еліміздегі заңдылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, 1966-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің Прокуроры болған Өтеген Сейітұлы Сейітовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, оның есімін ұмытпау мақсатында 2023 жыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» деп жарияланды.
Бұл мерейтойды Түркістан облысында кеңінен өткізу маңызды болып табылады, себебі Ө.Сейітов прокуратура органдарындағы алғашқы қызметін Ұлы Отан Соғысынан кейін бұрыңғы Шымкент облысы Келес ауданының прокуратурасында халық тергеушісі болып бастаған.
Осыған орай Түркістан облысының прокуратурасы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе отырып, құқықтану мамандығында оқитын студенттер арасында «Сейітов ізбасары» атты конкурсын өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Конкурстың алғашқы байқауында студенттер Ө.Сейітовтің өмірбаяны мен жарқын еңбектері туралы эссе жазып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар құралған командалар интелект баттл ойынына қатысып, тақырыпқа қатысты қойылған сұрақтарға жылдам әрі сапалы жауап берілген команда жеңіске жетті.
© Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz