«Өтірік оқытуды қою керек». Филолог орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту жүйесіне наразылығын жазды
«Өтірік оқытуды қою керек». Филолог орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту жүйесіне наразылығын жазды
Филолог, «Абай тв» арнасының бас продюсері Жаңылхан Мәмежанқызы әлеуметтік желіде орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінің деңгейіне шүйлікті, деп newsroom.kz жазады «Адырна» сайтына сілтеме жасап.
Автордың айтуынша, танысының қызы оқитын мектепте қазақ тілі дұрыс оқытылмайтыны айтылған. Диктанттарын көішіріп беріп, қала берді қазақ тарихы тұрмақ, Қазақстан географиясын жетік білмейтіндерін айтқан.
«Білім беру саласына өзгеріс керек. Орыс, ағылшын, ұйғыр мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдістемесіне жаңалық керек. Өтірік оқытуды қою керек. Орыс мектеп пен қазақ мектептің арасында тіларалық жарыстар өткізу керек. Жеңімпаздарға марапат керек. Қазақ тілін қинап оқытпай, сыйлап оқыту керек. Ең құрығанда комиссия шығып орыс мектептеріндегі қазақ тілінің күй-жайын тексеру керек! Содан ақ белгілі болады. Қазақ тілін үйренгісі келгендерге көмектесейік» деп жазды Жаңылхан Мәмежанқызы.