Жаңалықтар

Австралиялық туристтің мәйіті табылды

Австралиялық туристтің мәйіті табылды

  Бұған дейін Австралиядан келген туристтің Алматы тауларында жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің мәліметінше, туристтің өлі денесі табылған, деп хабарлайды newsroom.kz. Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылғае. Алдын-ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған. Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристтік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристтер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барыпты. Туристті іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобынан 6 адам және 1 кинологиялық бригада жіберілген. "Сағат 23:40-та олар іздеуге кірісті. 2:40-та Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері мен полицейлер ғарыш станциясына көтеріліп, беткейлерді, төмен қарай түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Көлдің оң жағын шарлап шықты, ол жақтан табылған жоқ. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болды, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соқты", – деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі. Өкінішке орай, Алматы тауларын тамашалауға келген, турист ауа-райының қолайсыздығынан ажал құшты.