Жаңалықтар

Жетісудағы “Қазақ барысы” 2 орыннан 7 есе көп сыйақы алған

Жетісудағы “Қазақ барысы” 2 орыннан 7 есе көп сыйақы алған

  Бүгінде еліміздің барлық аймағында “Қазақстан барысы” турниріне іріктеу өтіп жатыр. Солардың бірінде Жетісу обылысындағы жарыс өз мәресіне жетті. Жеңімпаз анықталды. “Тойдың болғанынан, боладысы қызық” демекші, жарыс өз деңгейінде өтті. Жарысқа тігілген сыйақы мөлшері көзге ерекше түсті. Бұл туралы спорт журналисті Аслан Қаженов фейсбук парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. “Қазақ деген өте аңғал халық. Бірақ, оны лох деп қабылдауға болмайды. Елдің көзі ашық. Бәрін байқап отыр, бәрін бақылап отыр. Оп-оңай ауызын ұра салам дегендер қателеседі. Түсіндірейін. Жеңімпаздың қолындағы сертификатты қараңыз. 7 миллион теңге. Ал, жеңімпаз - Руслан Абдразақов. Сол сертификатты облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл табыстады. Ұлан Русланның ағасы. Яғни, братан берді, братишка алды. Енді екінші және үшінші орын алғандарға назар салайық. Көрсеткіш бас жүлдемен салыстырғанда, сәйкесінше, 7 және 14 есе аз. Қандай жарыста осындай сыйақы тағайындалады? Аналардікі неге аз демеймін. Русландікі неге тым көп? Міне, мені осы алаңдатады. Одан кейін басқа аймақтармен салыстырдым. Жетісу сияқты бірде-біреуі жүлдеге деп оңды-солды шашылмаған. Қарағанды облысында жеңімпаз 500 мың, ал Шығыс Қазақстан облысында 100 мың теңге алды және солай кете береді. Ең потологы - Жетісуда. Неге? Бұл өңірде қазақ күресінен басқа шаруа жоқ па? Облыстық басқарма ойға келгенін жасай бере ме? Халықтың алдында есеп беріп, жағдайды түсіндіргісі келмей ме? Өйткені, ол айналып келгенде сол халықтың ақшасы ғой. Одан кейін мен сол 7 миллионды күні кеше әлем чемпионатында топ жарған боксшылардың сыйақысымен салыстырдым. Бірдей. Яғни, дүниежүзідік додада алтын алған спортшы мен бапкеріне мемлекет ресми 15 мың АҚШ долларынан табыстайды.15 мың доллар шамамен 7 миллион теңгеге жуық. Жуық. Оның өзінде жетпейді. Ал, Руслан олардан жоғары сыйақы алып тұр,”-деп жазды ол. Сондай-ақ журналист әлгі сыйақыға қатысты арнайы аудит жасалып, тыңғылықты тексеріс жүргізілу керектігін айтты. “Қысқасы, мынадай бассыздықты срошно тоқтату керек. Аймақтағы әкімдік пен олардың басқармалары өзін құдай санап, ойға келгенін жасамасын. Халықтың қызметкері екендерін ұмытпасын”,-деп жазды. Әрине қазақ күресінің жұлдызы Руслан Абдразақовқа ешқандай күмән жоқ. Ол кезінде өзінің мықтылығын дәлелдеп, қазақ күресінің қола жүлдесін жеңіл алған. Мұндағы бар мәселе сыйақы құнының мөлшері. 7 миллион көп пе, әлде аз ба? Сіз қалай ойлайсыз?