Қайрат Шегебаев «Евразия» сақтандыру компаниясының төрағасы болды
Қайрат Шегебаев «Евразия» сақтандыру компаниясының төрағасы болды
Директорлар кеңесі шешімімен Қайрат Шегебаев «Евразия» сақтандыру компаниясы басқарма төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа кандидатты мақұлдады, деп хабарлайды newsroom.kz.
«Евразия» СК топ-менеджменті құрамының жаңаруы дамудың жаңа деңгейіне жол ашады. Компания халықаралық қайта сақтандыру бағытына баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытуға, сондай-ақ IT-инфрақұрылымын дамытуға инвестиция құюды арттырады.
«Компанияны сақтандыру нарығына өзінің идеялары мен прогрессивті ұстанымдарымен танымал тәжірибелі маман Қайрат Шегебаев басқарады. Оның мол тәжірибесі мен білімі болашақта компанияның даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Оның тағайындалуы «Евразия» сақтандыру компаниясының стратегиясының заңды жалғасы болып табылады. Шегебаев мырзаның акционерлер жүктеген міндеттерін орындайтынына сенімдімін», – деді «Евразия» СК директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.
«Евразия» – Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де үздік сақтандыру компанияларының бірі, әлемнің қайта сақтандырушылар арасында мінсіз абыройға ие. Мен өзімнің тәжірибем мен білімімді компанияның басым тұстарын дамытып, жаңа нарыққа шығып, отандық сақтандыру саласына жаңа дем беруге күшімді саламын. Директор кеңесі мен акционерлерге алғысымды білдіремін», – деді Қайрат Шегебаев жаңа қызметі туралы.
«Евразия» СК стратегиясына сәйкес басқарма құрамы сабақтастықты сақтайды. Басқарма бес адамнан тұрады:
- Қайрат Шегебаев – басқарма төрағасы, Директорлар кеңесі мүшесі;
- Самат Қабдолов – басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
- Нұржан Жантөреев – басқарма төрағасы орынбасары;
- Нұрмұхамед Төлбаев – басқарма төрағасы орынбасары;
- Нұрлан Шалғымбаев – басқарма төрағасы орынбасары.