Ресейлік балуан, еркін күрестен Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін жеңімпазы Абдулрашид Садулаев коронавируспен ауырғанын айтты деп хабарлайды Newsroom + тілшісі BAQ.KZ. сілтеме жасап.
Көптеген жерлесім секілді мен де коронавирусқа мән бермегенмін. Аурудың қаншалықты қауіпті екенін шынымен бағаламадық. Тек есігімізді қағып келіп қалғанда бірақ түсіндік. Қазіргі кезде туыстарым мен достарымнан бөлекпін. Таныстарымның бәрі қасымда емес, - дейді Садулаев.Спортшы Дағыстан тұрғындарына 23 мамырда басталатын Ораза айт кезінде шықпау туралы өтінішін айтты.
Әдетте айт күндері тауға атам және барлық туыстарыммен бірге зиратқа барып, құран бағыштайтынбыз. Бірақ биыл бұл дәстүрді бұзуға тура келеді. Тек үйде отбасымызбен атап өтемін. Барлықтарыңызды үйде тойлауға шақырамын. Біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды, әсіресе ақсақалдарды да қорғауымыз керек. Сіздерден дәрігерлер ұсынатын ережелерді сақтауыңызды сұраймын. Үшінші ай үйде болу оңай емес екенін түсінемін, бірақ біз тезірек қалыпты өмірге оралу үшін шыдамды болуымыз керек, - деді атақты балуан Instagram-дағы видео жазбасында.Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев - Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы, әлемнің төрт дүркін жеңімпазы.