Жаңалықтар

Екі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті қамауға алынды

Екі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті қамауға алынды

  Қазақстандағы қаржы пирамидаланың тізіміне енген "Life is good" және "Hermes" ұйымының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасаған newsroom.kz. Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген азаматша ұсталып, ол сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған. Ведомствоның мәліметінше, аталған жобаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық департаменті тергеуді бастап кетті. "Ұйымдастырушылар жеке тұлғалардан қаражат тартып, 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлем беруге уәде еткен. Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек,бұған дейін агенттік қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізісі жарияланған болатын.