Әскери полигондар. Ресей Қазақстаннан қанша жер жалға алып отыр?
Әскери полигондар. Ресей Қазақстаннан қанша жер жалға алып отыр?
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жалпы ауданы 8,6 миллион гектардан асатын үш сынақ алаңы бар, олар Ресейге жалға берілген. Онда тұрақты түрде 900-ге жуық ресейлік әскери қызметші болады, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамырдың басында Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бұл жерлерді ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне беруді ұсынған болатын.
"1995 жылдан бері Ресей Қазақстаннан әскери полигондар үшін 8,5 миллион гектардан аса жерді гектарына 1050 теңге номинал төлемге жалға алып отыр, бұл айтпақшы, 2005 жылдан бері өзгерген жоқ. (...) Біздің елімізде кереғар жағдай қалыптасты, алып жатқан жер көлемі бойынша әлемде 9-орында тұрған Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік жерлер бойынша қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды. Әрбір өңірде дерлік шаруа қожалығымен айналысқысы келетін азаматтарды қамтамасыз ету мәселесі жер ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты", - деді ол.