Жаңалықтар

Зілзала диктаторды ұзақ халықаралық оқшаулаудан босатты

Зілзала диктаторды ұзақ халықаралық оқшаулаудан босатты

Халықаралық сарапшылар өз елінде азаматтық соғысты бастап, өз халқын қырған Сирия президенті Башар Асадтың халықаралық изоляциясы аяқталғанын жариялады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Кеше Сауд Арабиясының Джидда қаласында Араб мемлекеттері лигасының саммиті өз жұмысын бастады. Оның ашылу рәсімінде Сирия басшысы Б.Асадтың сөз сөйлеуі биылғы құрылтайдың басты бір сенсациясына айналды. Себебі, біріншіден, ол осы ұйымның саммитіне соңғы 13 жыл ішінде алғаш рет қатысып отыр. Екіншіден, оның өз жұртшылығына жасаған жауыздығы жаһан жұртшылығын шошынтты, сондықтан Ресейден басқа елдер онымен қарым-қатынасы үзген еді.
Times. Америкалық басылым Асадтың жайдан жай жаһандық оқшаулауға ұшырамағанын, оның "араб көктемі" аясында 2011 жылы бастаған өз еліндегі халықтық толқуларды жауыздықпен қанға бөккенін, оның азаматтық соғысқа ұласуына ықпал еткенін және бұл соғыс әлі күнге дейін тәмамдалмағанын еске салды. Оның үкіметін халықаралық ұйымдар "тұтқындарды жаппай азаптады, өз халқына қарсы химиялық қару қолданды, тұтас ұлыстарды өз мекенінен зорлықпен қоныс аудартты" деп айыптайды. Мұның бәрінің салдарынан және Ресейдің қалаларды шектен шыққан қаскүнемдікпен, тонналық авиабомбалармен, қаһарлы зымырандармен бомбалап, жермен-жексен етуі кесірінен Сирияда жүздеген мың адам қырылды. Ендеше араб лидерлерінің Башар Асадқа құшағын ашатын жөні жоқтай.  />
<blockquote> Америкалық саяси шолушы Вивиан Нерейм (Vivian Nereim) аналитиктердің тұжырымына сілтеме жасай отырып, Сириядағы соғыс Украинадағы қантөгістің іргетасын қалады деген байлам жасады. Себебі, Сирия жерінде барлық қаруын сынаған Мәскеуде өз қуатына деген сенім пайда болды. Кремль Батыс әлемінің Сирияда өзіне қарсы қауқар таныта алмағанын көрді.
"Асад режимі өз халқына қарсы қатыгез репрессияларында РФ басшысы В.Путиннің кең ауқымды әскери көмегіне сүйенді. Алайда халықаралық қауымдастық Сириядағы айуандық істері, соның ішінде ауруханаларды бомбалағаны үшін Ресейді жауапқа тарта алмады, санкция салмады. Бұл Путинге Украинаға шапқыншылық жасауына дем берді. Оның үстіне Украинадағы соғыс барысында Ресей дәл сол Сирияда қолданған әскери тактикаларын қайталады. Оның ішінде қалаларды үстемелете соққылап, жер бетінен жою, берілмеген елді мекендерді қоршауға алу, гуманитарлық апат пен аштық туғызу бар. Сирияда халықаралық нормалардың бұзылуы соғыс өртінің Еуропаға өтуіне негіз болды", – дейді Парсы шығанағы бойынша сарапшы Вивиан Нерейм.
Байден әкімшілігі араб елдерінің Сирия режимімен қатынастарын қалпына келтіргеніне табанды қарсылық көрсетпеді, бірақ Құрама Штаттар Дамаскімен ынтымақтасуды жоспарлап отырмағанын жеткізді. Сонымен бір мезгілде өткен аптада бір топ америкалық конгрессмен "Асад заңын" ұсынды. Құжат Сирияның қазіргі басшысын және оның жақтастарын жауапқа тартуды қарастырады. Асад үкіметі АҚШ пен Еуропалық Одақтың санкциясында қала береді. Бірақ Сирия басшылығымен Түркия да тығызырақ ықпалдаса бастауы мүмкін. Мысалы, Түркия Президенті лауазымынан үміткер Кемал Кылычдароғлу егер Мемлекет басшысы болып сайланса, Б.Асадпен келісімге келіп, түрік елінде жүрген миллиондаған сириялық босқынды еліне қайтаруға ниетті. Әйтпесе, іс басындағы Президент Р.Ердоған босқындарды Еуропаға қоқан-лоққы жасаудың құралына айналдырып алды. Қит етсе, Батыстың тірлігі ұнамаса, осы босқындарды Еуропаға қарай қаптатып қоя беретінін қатаң ескертеді, сонымен қорқытады. Нью-Йорк Таймстың тұжырымдауынша, Сауд Арабиясы кезінде Асадқа қарсы шыққан топтарды қолдап, оларды қаруландырды. Бірақ бүгінде Дамаск билігі елдің үлкен бөлігіне таралады. Сондықтан ресми үкіметке және Сириядағы ахуалға шамалы да болса ықпал ету үшін араб елдері күш жиған ресми билікпен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге ұйғарса керек. Соғыс бітпегенімен, Сирияда қарудың емес, дипломатияның дәуірі өрістеуде. Ал Сириядағы жағдай бүкіл өңірге теріс ықпал етеді. Ол түзелмей, араб елдеріне контрабандамен есірткінің тасқындауы, халықтың босуы азаймас еді. Мысалы, соғыс салдарынан Сауд Арабиясы каптагон есірткісі саудаланатын ірі нарыққа айналып шыға келген. Бұған алаңдаған саудиттер өткен айда есірткіге қарсы соғыс жариялады. The New York Times зерттеуі каптагон өндірісін негізінен Сирия армиясының Төртінші танк дивизиясы бақылауда ұстайтынын көрсетті. Бұл элиталы бөлімшені Асадтың ағасы басқарады. Сауд Арабиясында бұған дейін Башар Асадқа ықпал ету тетігі болмады. Оны енді дипломатия көмегімен қалыптастыруға талпыныс жасалмақ. Жалғыз Түркия ғана емес, барлық дерлік араб елдері миллиондаған босқынды Сирияға қайтаруға құштар. Дамаскіге қысым көрсету, оның қарулы қарсыластарын қолдау саясаты бұл істе нәтиже бермеді. Бәлкім, Асад билігінің легитимділігін мойындап, оның елді тұрақтандыру жұмыстарын қолдау нәтиже беріп қалар? Мұны уақыт көрсетеді.  />Әзірге Асад үкіметімен қатынастардың жақсартылуына жалғыз ғана араб елі – Катар қарсы шығып отыр. Катар премьер-министрі Мохаммед бин Абдулрахман Әл-Тани Сирияда саяси прогресс болмай, жазықсыз жандар түрмеден босатылмай, босқындар кері қайтарылмай, Катар бұл елмен жақындасуға ешқандай қадам жасамайтынын мәлімдеді. Бірақ жалғыздың үні шықпас деген.
        </div>

    </article>
</main>
<!-- Start Footer -->
<footer class= © Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz