"Құтқаруға болар еді": Ақтөбелік маман Бейсен Құранбектің соңғы күндеріне анализ жасады
"Құтқаруға болар еді": Ақтөбелік маман Бейсен Құранбектің соңғы күндеріне анализ жасады
Ақтөбеде нумерология, хиромантия саласының шебері болып танылған Айсара Өмірзаққызы Бейсен Құранбек туралы ерекше жазба жариялады деп хабарлайды Newsroom + тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.
Өзінің Instagram парақшасында танымал журналистің туған күні мен қайтыс болған күніне арнайы кестемен анализ жасаған маман "оны құтқарып қалуға болатын еді..." деген өкінішін білдірді.
"Қазақ халқы үшін есімі ерекше бұл журналистің қазасы көп адамның жанына батты. Ауыр қайғы болды. Қарапайым халықтың қамын ойлайтын азаматтың өмірден өтуі көпке өкінішпен өксік әкелді. Себебі, соңғы кездері қазақ телевидениесі жеңіл-желпі бағдарламаларға ден қойып, "әншілер не ішті, не жеді?" деген әңгімеден аспай қалды. Телевидениенің талабы төмендеді. Ал Бейсен Құранбек хабарларында қиын тағдырларды ел алдына шығарып, оның шешімін табуды ұйымдастырды.
Қарекет етсең қиындықтан шығудың да амалы болатынын көрсетті. Бір ғана оқиға арқылы қазақ тағдырын, өмірін көрсетті. Шырылдап шындықты айтты. Мағыналы, ойлы хабарлардың жүргізушісі болғандықтар қазасы туралы хабардан барлық қазақтың қабырғасын қайысты.
Мен де үнсіз қала алмадым. Әлеуметтік желіге ойымды жаздым. Бірінші естігенде жалған ақпарат болар деп сенбедік. Жүрегі елім деп соққан осындай азаматтар өз денсаулығына көңіл бөлмей, өмірден ерте өтеді", – дейді эзотерик маман Айсара Өмірзаққызы.