Жаңалықтар

Абзал Егембердиев әкім болып тағайындалды

Абзал Егембердиев әкім болып тағайындалды

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz. Абзал Егембердиев 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономика және қаржы Институтын, 2014 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген, экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Атырау облысының прокуратура органдарында прокурор болып бастаған. 2003-2004 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2005 жылға дейін Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің бөлім басшысы, аппарат басшысы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылы Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Тұрмыс» ЖШС кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді. 2015 жылы «Бірлік АСТ» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды. Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында жеке құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болды.