Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай техникалық жоғары оқу орындары меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Қытай техникалық жоғары оқу орындары меморандумға қол қойды

Қытай жерінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді, деп  newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтымен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды. Келісімнің негізгі бағыты: машина жасау, көлік және логистика салалары болып нақтыланды. Қазақстан мен Қытай техникалық жоғары оқу орындары меморандумға қол қойды Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттер алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосу мәселелері келісілді.
Қазақстан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жүк тасымалы сияқты жаһандық жобаны жүзеге асыруда негізгі серіктес болып табылады. Келешекте келісілген бастамалар үшін қажетті мамандарды бірлесіп даярлау – екі ел арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды. Біз таяуда Сиянь университетімен теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастаймыз. Сонымен қатар, темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру – келешегі зор салалардың бірі, Сәтбаев Университеті осы сала бойынша былтырдан бері мамандар даярлап келеді, - деді Қ.Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.
Жалпы соңғы уақытта Сәтбаев университеті Қытайдың ең үздік техникалық университеттерімен екі жақты қарым-қатынасты дамыта түсуде. Осының бір дәлелі ретінде Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында Университеттің делегациясы Сиань қаласындағы (Шэньси провинциясы, Қытай) Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтына арнайы сапар жасады. Сапар бағдарламасы аясында Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтын аралап, барлық техникалық базаларымен танысты. Қазақстандық делегация сонымен қатар Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркінде де болып, логистика саласындағы соңғы жетістіктерді өз көздерімен көрді. Жаңа келісім бойынша қазақстандық студенттер «1+3» бағдарламасы бойынша Қытайға оқуға баруға мүмкіндік алады, бірінші оқу жылында олар қытай тілін үйренеді, ал келесі үш жыл бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандық алуға арналады. Қытай тарапы студенттерге шәкіртақы беріп, қолдау көрсететін болып келісілді. Бұл ретте Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырып отырады. Оқу үдерісін жеңілдету үшін, қазақстандық университетте Циньлин институтының базасы негізінде қытай тілі курстары ашылады. Осы ынтымақтастық аясында болашақта Сәтбаев Университетінің базасында Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының филиалы ашылады деп күтілуде. Онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік және коммуникациялар саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау үшін инновациялық зертханалар ашылып, темір жол көлігі мен логистика саласы бойынша халықаралық жобалар жүргізілетін болады. Қазақстан мен Қытай техникалық жоғары оқу орындары меморандумға қол қойды Қытай тарапы үшін бұл қарым-қатынастың маңызы өте зор, өйткені бұл тарихи Жібек жолы бойындағы елдерді біріктіретін «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының бір бөлігі болып саналады. Айта кетейік, Сиань – Қытайдың тарихи орталығы, ол Қытай тарихындағы 13 мемлекеттің бұрынғы астанасы. Мұнда әлемнің сегізінші кереметі – Цинь әулетінің терракоталық жауынгерлерінің әскері бар. Сондай-ақ Сиань – Қытайдың технологиялық орталықтарының бірі, ол Қазақстанмен тікелей байланыс жасайтын ірі логикалық орталық болып табылады. Қазақстан мен Қытай техникалық жоғары оқу орындары меморандумға қол қойды Қытайдың жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу – халықаралық деңгейде жұмыс істеуді жоспарлап отырған өрелі студенттер үшін тамаша мүмкіндік болмақ.