Нәпсіммен бес жыл күресіп, үш жыл бұрын жеңіске жеттім - Мөлдір Әуелбекова
Нәпсіммен бес жыл күресіп, үш жыл бұрын жеңіске жеттім - Мөлдір Әуелбекова
Белгілі эстрада жұлдызы, " КешYOU" тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова не себепті орамал тағып, намазға жығылғанын ашып айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осыдан 8 жыл бұрын Алланың қалауымен, әкем себепкер болып намазға жығылып, сәждеге маңдайым алғаш рет тиді! Бірақ тура жолға келгеніммен, тек намазда ғана орамал тағып, жәй кездері басымнан сырғитыны ішімді қыңжылтып жүрді...Сондай, өз өзіме қанағатсыз күйде жүріп 5 жыл уақыт зымырап өткенін байқамадым, - дейді Мөлдір Әуелбекова.
Ол орамалға тағу ұзақ уақыт дайындалып келгеін айтқан. Әнші болғандықтан тіптен қиын соқты деп отыр.
Нәпсіммен 5 жыл бойы күресіп, 2020 жылдың 15мамыр күні шешім қабылдадым. Әдеттегідей таң намазымды оқып болған соң, «енді орамалымды шешпеймін» дедім! Енді, міне, орамалға келгеніме тура 3 жыл. Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақ болсын!, - деп жазды әнші.