Қарағанды облысында кафелер жұмысын қашан бастайды?
Қарағанды облысында кафелер жұмысын қашан бастайды?
Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров облыста қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаздық террасалар мен 30 адамға дейін арналған қоғамдық тамақтану орындарын 2 маусымға қарай ашу жоспарланып отыр", - деді Асқаров онлайн брифингте.Айта кетейік, бүгінде облыста коронавирус жұқтырғандардың саны 455-ке жетті. Ал еліміз бойынша қазір коронавирус жұқтырғандар саны 7 597-ге жетті. 3843 адам аурудан айықты, 35 адам қайтыс болды.