15 жыл Назарбаев университетін асырап келдік, бірақ нәтиже жоқ - Мұрат Әбенов
15 жыл Назарбаев университетін асырап келдік, бірақ нәтиже жоқ - Мұрат Әбенов
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов үкімет сағатында мемлекет миллиардтап қаражат құйса да, шығынды ақтамаған Назарбаев университетін сынға алды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Ол өз сауалын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойды. Мысал ретінде Назарбаев университетіне 2020 жылы 7 миллиард 600 миллион, 2021 жылы 7 миллиард 21 миллион, 2022 жылы 2 миллиард 154 миллион қаржы бөлінгенін айтты.
Бұл қомақты қаржы ғой. Алайда нәтиже қандай екені белгісіз. Мысалы, олар бір жылда 15 патент қана алған.Барлық университеттің аузынан жырып алып, бәрін осыған (Назарбаев университетіне) бердік. Бірақ олардың басқа жоғары оқу орындарымен байланыс жасағанын естімедік, - дейді Мұрат Әбенов.
Халықаралық төрт бірдей рейтингті көрдім.Назарбаев университеті ешбірінде жоқ.Бөлінген қаржы қайда кетті?» деп сұрады депутат.
Біреуінде де Назарбаев университеті жоқ. Қаржының бәрі қайда кетті? Бұған министрлік бақылау жасай ала ма?, -деді ол.Депутаттың бұл сауалына Назарбаев университетінің ғылыми әкімшілік директоры Асанбай Жұмабеков жұмыс бар, нәтиже бар көрсетуге дайынбыз деп жауап берді. Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің бөлек заңы бар екенін, оны бақылау үшін заңды бұзу қажет екенін айтты.
Аталған жоғары оқу орнының жұмысы бөлек өзінің заңымен реттеледі. Университетті басқару жүйесі өте күрделі. Оны ашық айтуымыз керек. Енді түсініп жатырмыз. Үш бірдей қамқоршы кеңес бар. Назарбаев қоры бөлек, «Назарбаев зияткерлік мектептері» бөлек, Назарбаев университеті өз алдына бір бөлек. Оның қамқоршы кеңесінің үстінен тағы бір қамқоршы кеңес қарайды. Министр ретінде қамқоршы кеңестің мүшесі де емеспін. Себебі, мені (қамқоршылық кеңеске) кіргізу үшін алдымен заңды өзгертуіміз керек, - деді министр.Үкімет сағатында модератор болған, Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева бұл мәселе өте ауқымды екенін айтты. Сондықтан Мәжіліс білім жөніндегі жұмыс тобы бюджетті нақтылау туралы отырыс өткізкенде, осы Назарбаев университетінің бүкіл шығынын білейік деп ұсыныс білдірді.
Ол шығынның тиімділігін қарайық. Асанбай Жұмабеков, жақын арада жұмыс тобының отырысына жақсылап дайындалып, кемі соңғы үш жылда қанша қаражат алдыңыздар, оны қайда жұмсадыңыздар деген толық есеппен келіңіз, - деді депутат.