Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев ұлдары 60 жастағы азаматты құлдықта ұстады дегенді жоққа шығарды

  Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев мандатқа ие болғалы басы даудан арылар емес. Оқиға шартты түрде сотталған кәсіпкерлер ұлдары Дайрабаевтар туралы болып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұған дейін Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников өзін мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық еңбек құлдығында ұстады және соққыға жықты деп жарияға жар салған еді. Осы сұрақтармен Жигули Дайрабаевтан жауап алуға тырысқан ол тілшілерден қаша жөнелді. Барлық сұрақтарына адвокат жауап беретінін айтты. Сондай-ақ ол, ондай адаммен таныс еместігін айтты. Алайда сұраққа жауап беруге талпынған журналистерге Жигули мырза “барлықтарыңызды жақсы көремін” деп қысқа қайырды. Журналисттер қыр-соңынан қалмай, “осыншама шудан кейін, депутаттық мандатты тапсырмайсыз ба?” деген сұрағына, “сіз кімге дауыс бердіңіз? Ондай сұрақ қоймаңыз, ұят болады!” деп жауап қатты.