Алматы облысы, Іле ауданы Қараой ауылының маңында коронавирустан қайтыс болған науқастарды жерлейді.
Сөздің шыны керек" бағдарламасында.
Тойында айтылған жар-жарды жаңғырығы басылмай жатып қайтыс болған 21 жастағы келіншек коронавирустан көз жұмды ма?
"Олар науқас көз жұмған соң ғана коронавирустан көз жұмды деді. Оған дейін тексерілгенде теріс болып шыққан", - дейді жақындары.
Гүлмара Талғатқызы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылының тұрғыны еді.
Жақындары оны коронавирустан қайтыс болғанына сенбейді. Егер рас болса, диагнозды неге көзі тірісінде айтпады ден ренжиді.
"Дәрігерлерден сұрағанымда, "біздің басымыз екеу емес, диагнозды жоғарыдан келген мамандар қойды" деді. Бірақ келіншегім анамның түсіне кіріп, денем тесік, бір мүшем түгел емес" деп айтады", - деді марқұм әйелдің жолдасы.
"Келіншекке үш рет тексеріс кезінде, коронавирустан теріс нәтиже шықты. Тек соңғы рет тексергенде, оң нәтиже шықты", - деді 4-аурухананың бас дәрігерің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Анарбек Моңғол.
6 сәуір мен 1 мамыр аралығында ауруханада жатқан келіншектің қорытынды диагнозында нақтыланбаған коронавирусты инфекция деп жазылған. Құжаттың тағы бір жерінде сынама 18 сәуір күні алынып, ауру расталғанын көрсетілген. Бірақ нақты ол ақпарат құжат ішінде көрсетілмейді.
Ал, Гүлмаралды өлімін түсінбей дел-сал болған жақындарына кім жұбату айтады?
Айта кетейік, бұған дейін жақындарыны түсіне кіріп, бір мүшем жоқ деп мазалаған
келіншекті оқиғасын хабарлаған болатынбыз.