Қытаймен шекара жабылуына байланысты еліміздегі тауар бағасы қымбаттауы мүмкін

04 Ақпан, 2020 180 0

Қазақстандық кәсіпкерлер Қытаймен шекараның жабылуына байланысты шығынға ұшырауда, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі kazaknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайда пайда болған коронавирус Қазақстан экономикасына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Өйткені, қазірдің өзінде көптеген кәсіпкерлердің Қытаймен абйланысы уақытша тиоқтап, біраз саудагер жұмыссыз қалып отыр. Мамандардың айтуынша, еліміздегі сауда-саттық Қытаймен тікелей байланысты болғандықтан, көп ұзамай базарлар босап, бизнесмендер банкротқа ұшырауы мүмкін.

«Егер шекара жабылуына байланысты, тек адамдар қозғалысы емес, тауар өткізу процессі де тоқтайтын болса біздің ел тарапынан сұраныс тоқтайды. Ал Қытай тарапы нарықтағы өндірісті шығарудан бас тартады. Қазірдің өзінде жағдай мәз емес. Ал жазға қрай біз толық тоқырауды бастан кешіреміз. Бұл ең алдымен «барахолка» базарлардың жабылуына әкеліп соғады», - дейді экономист Арман Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа байланысты Қазақстан-Қытай екарасы уақытша жабылған еді. Бұл жағдай қазірдің өзінде ел экономикасына ықпал етуде. Мәселен, қазақстандық теңге долларға қатысты екі позиция жоғалтып отырғанын айтып, мамандар да дабыл қағуда.

Тегтер: Қытай, шекара, тауар, вирус, экономика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.