Тәшкендегі финалда бокс көрген қазақтар билет қымбаттығына қарамаған
Тәшкендегі финалда бокс көрген қазақтар билет қымбаттығына қарамаған
Өзбекістанның астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатынының додасында өнер көрсеткен боксшылар елге оралды. Солардың бірі алтын медаль иегері Махмут Сабырхан Хабар арнасындағы “Ұйқым келмейді” түнгі бағдарламасына келіп, сұхбат берді, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Өзім Шымкенттен болған соң, Ташкент тиіп тұр деп ағаларым бәрі жиналып барған. Жанкүйерлердің қолдауы кәдімгідей сезіледі. Егер өзге елде өз еліңнің жанкүйерлерінің қолдауын сезбесең, кері әсерін тигізеді. Финалдық кездесуде қазақ жанкүйерлері өте көп болды. Ерекше күш берді десем де болады. Жартылай финал мен финал билеттері ақылы болды. Сондықтан да өзбек ағайындылары мен қазақтардың саны бірдей болып қалды. Мен рингке шыққанға дейін көрермендерге қарамадым. Ал соңында кім жеңгенін көрсететін кезде еліміздің туын, қаншама қазақ жанкүйерлерін көріп, көзіме жас келді. Финалға қазақ жанкүйерлері билеттің ақшасына қарамастан сатып алып, қолдау көрсетті. Спортшыларға кәдімгідей қолдау болды. Әсіресе әнұранды бірге қосылып шырқағанын көргенде ерекше сезімде болдым”,- дейді әлем чемпионы Махмут Сабырхан.
Естеріңізге сала кетсек, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "алтын" үшін жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.